Бейжіңдегі ойындарда конькимен жүгіруден бақ сынайтын Қазақстан құрамасы сапында өзгерістер жасалды. Ерлер арасында 1000 метрлік қашықтықта өтетін сайыста Иван Аржаниковтің орнына Дмитрий Морозов шығады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өйткені, мұның алдында Қазақстанның намысын қорғайды деп бекітілген Иван Аржаников, денсаулығына байланысты жарысқа қатыса алмайтын болды.
– Оның орнына Дмитрий Морозов шығады деп шештік. Әрине, бұл Морозов үшін айтарлықтай ыңғайлы жарыс емес. Бірақ ол соңғы кездері 1500 метрде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Сонымен қатар, бұл бәсеке масс-старт алдындағы мықты дайындық болмақ, – деді бас бапкер Дмитрий Бабенко.