Облыста 88 елді мекен ауыз сусыз отыр

Авторы: Qyzyljar News

Облыстық қоғамдық кеңестің 2025 жылғы  алғашқы отырысында өңір елді мекендерін сумен қамту мәселесі көтерілді. Жол картасы бойынша биыл бұл мәселе толық шешілуі тиіс. Мәселен, сумен жабдықтау нысандарын салуға және жаңғыртуға даму бюджеті аясында шамамен 11,7 млрд. теңге бөлінген. Бұл ақшаға 37 ауылға су тартылады.  Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің желісі бойынша 5 ауылға таза су келмек және 46 ауылға кешенді модульдер блогы орнатылады.

— Қазіргі уақытта республикалық бюджеттен 15,1. млрд теңге сомасында қаржы бөлу мәселесі пысықталып жатыр. Елді мекендер ішіне сумен жабдықтау желілерін тарту топтық су құбырларының инфрақұрылымын ауыл шекараларына дейін жеткізу жөніндегі жоспарлармен сәйкестендірілуі тиіс. Облыстық бюджетті кезекті нақтылауда бірінші кезектегі шығыстар бойынша бюджеттің шығыс бөлігін ұлғайту керек, атап айтқанда, облыс тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге қаражат бөлу ұсынылады, өйткені бұл маңызды әлеуметтік бағыт. Осыған байланысты, облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша 2 160 млн. теңгеге ұлғайтуды ұсынамыз, — деді облыстық  қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант.

Жоба бойынша Айыртау ауданына ғана сумен жабдықтау үшін 598,1 млн. теңге керек. Бұл ауданда 11 елді мекен таза сусыз отыр. Тайынша ауданына 765,7 млн., Шал ақын ауданына 710,9 млн., Есіл ауданына 67,1 млн. және Мамлют ауданына 18,2 млн. теңге керек.

 

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz