СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАРАЛДЫ

Авторы: Qyzyljar News

«AMANAT» партиясының облыстық филиалында өңірлік даму кеңесі мен партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Алқалы жиында аса маңызды екі мәселе қаралды. Оның алғашқысы — су тасқынына дайындық. Өкінішке қарай, апат биыл да әлекке салуы мүмкін.

Өткен жылдағы су тасқынынан кейін облыстағы су айдындарының басым көпшілігі толып тұр. Топырақтағы ылғалдың да көлемі жоғары. Жердің қату қалыңдығы да көңіл көншітпейді. Кейбір жерлерде көрсеткіш 1 метрге жақын. Қар ерігенде тіршілік көзінің барлығы жерге сіңбейді. . Биыл өлкемізде қар аз жауды, бірақ, кейбір жерлерде молынан түсті. Оның үстіне алдағы наурыз айында қар көп жаууы ықтимал.

— Қалыптасқан тәжірибеге сүйенсек, өңірде екі кезеңдік тасқын болады. Алғашқасында облыс аумағындағы су жайылады. Ал екіншісінде Ақмола облысынан келетін қызыл су қауіп төндіреді. Бүгінде Сергеевка  қоймасы толып тұр. Біздің болжамымыз бойынша наурыз айының соңында қауырт жұмыс басталады. Бұл кезеңде өзен-көлдерде мұз көтерілмек,- дейдң облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы Әсет Шайкин.

Қазір облыста көтерілген және нығайтылған бөгеттерге қатысты түрлі әңгіме айтылып жатыр. Кейбірі «Қорғаныс үйінділері талапқа сай келмейді, көктемде шыдас бермейді» деген пікір білдіруде. Жиын барысында осыған байланысты да ой айтылды.

Әрбір жоба, яғни әрбір бөгет бойынша техникалық тұрғыда бақылайтын мамандар бар. Олар күн сайын жұмыстар жүргізіліп жатқан жерлерге барып, тексеріс жүргізеді. Егер бұзушылық анықталса, ескерту жасалып, ол бірден жойылады. Қорғаныс үйінділері тиісті нормаларға сай көтерілді, нығайтылды. Шыдас береді. Айтылғанның бәріне сенудің қажеті жоқ,- деді Петропавл қалалық ТКШ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнің басшысы Айдын Мәкенов.

Жиын барысында қатысушылар спикерлерге сұрақтарын жаудырды. Олар әзірлік жайлы жан-жақты сұрады. Отырыста қаралған екінші мәселе — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын өсірмек. Алдағы су тасқыны кезінде бұған жол берілмеуі тиіс. Егер елдің есі шыққан кезеңде біреу баюды көздесе, қомақты мөлшерде айыппұл арқалайды. Мысалы, былтыр аймақта 142 кәсіпкерге әкімшілік жаза тағайындалған.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz