АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Авторы: Qyzyljar News

Өңір басшысы  Гауез Нұрмұхамбетов азаматтарды қабылдау орталығында  тұрғындардың сауалдарын тыңдады. Қабылдауда әртүрлі мәселелер көтерілді, . «Искра» саяжай қоғамының тұрғындары саяжайдан көшіру және оларға басқа тұрғын үй беру туралы өтініш білдірді.

Қабылдауға келгендерге заңға сәйкес, азаматтар саяжай аумағында тұрақты тұрғын үй салуға болмайтындығы түсіндіріліп, осы жағдай бойынша баспана беру мүмкін емес екені айтылды. Саяжайшыларға кезекке тұрып, оның аясында баспана алу ұсынылды. Егер тасқын кезінде саяжай учаскелерін су басатын болса, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар эвакопункттерге көшіріледі.

Былтыр қатты су тасқынының нәтижесінде Заречный кентінде 189 үй апаттық деп танылып, тұрғындарға жаңа үйлер мен пәтерлер берілді. Қазір кентте 251 үй мен пәтер бар. Заречный Есіл өзенінің сағасында орналасқандықтан және бөгеттің нығайтылғанына қарамастан, шағын ауданды тасқыннан толық қорғау мүмкін емес. Сондықтан кент тұрғындарын толықтай көшіру туралы шешім қабылданды. Осы мақсатта қалада екі көпқабатты үй салынуда, оған қоса, екінші нарықтан пәтерлер де берілмек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz