Сергеевка су торабы қауіпсіз жағдайда

Авторы: Qyzyljar News

Әлеуметтік желілерде Сергеевка су торабының төгілмелі жиегінде жарықтың пайда болғаны туралы бейнежазба таралуына байланысты, «Қазсушар» РМК Солтүстік Қазақстан филиалы гидротехникалық құрылымның бұл бөлігінде ешқандай бұзылулар немесе жарықтар жоқ»,- деп ресми түрде мәлімдеді.

Жарықтың бар сияқты көрінуі құрылымның ерекшеліктеріне байланысты – бұл жерде арматуралық элементтің бір бөлігі шығып тұрады, ол су ағысының құйындауын тудырады. Көрнекі түрде бұл ағынның біркелкі еместігі немесе саңылау сияқты көрінуі мүмкін, алайда су торабының құрылымдық тұтастығы бұзылмаған және бұл құбылыс ешқандай қауіп төндірмейді.

Мамандар құрылымды қосымша тексеріп, ешқандай зақымдар мен апаттық қауіптердің жоқтығын растады. Сергеевка су торабы қалыпты режімде жұмыс істеп тұр, су ағызу параметрлері нормативтік көрсеткіштерге сәйкес келеді.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде кейбір пайдаланушылар су қоймасының қазіргі техникалық жағдайы туралы жалған ақпарат таратып, қоғамдық дүрбелең мен үрей туғызуға тырысуда. Айта кету керек, әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274 — бабына сәйкес құқық бұзушылық болып табылады.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz