БӘЙІМБЕТ — ЖЕҢІМПАЗ

Авторы: Qyzyljar News

Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Сәбит Мұқанов сынды алып тұлғалардың қолтаңбасы қалған қарашаңырақ – «Soltüstık Qazaqstan» газетінің 105 жылдық мерейтойына арналған бильярдтан аймақтық  турнир өтті. Жарысқа журналистер, ақын-жазушылар, өнерпаздар және газет жанашырлары қатысты.

Ашылу салтанатында сөз алған газетіміздің ардагер журналисі Өмір Есқали аталмыш турнир алдағы уақытта өткізілетін игі іс-шаралардың бастамасы екенін айтып өтсе, «Қостанай таңы» газеті бас редакторының орынбасары Аслан Қанғожин мерейтойға арналған құттықтау хатын оқып, жүрекжарды лебізін жеткізді. Айтыскер ақын Қабдолла Бейісхан арнау айтып, ойыншыларға өлеңмен ақ жол тіледі.

– Ұлтқа қызмет еткен алыптардың ізі сайрап жатқан басылымның 105 жылдығы – редакцияның ғана емес, облысымыздың мерейтойы. Өзім де журналистикадағы қызмет жолымды осы қарашаңырақтан бастадым. Сондықтан еңбек өтілімнің алғашқы әліппесін осында аштым десем, еш қателеспеймін. Барлық ойыншыға жеңіс тілеймін. Ақмола мен Қостанайдан келген қаламдастарға алғысымыз шексіз, – деді облыс  әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Әбдірешов.

Жарыс қорытындысы бойынша, «Егемен Қазақстан» газетінің Қостанай облысындағы меншікті тілшісі Нұрқанат Құлабаев «Жеңіске деген жігер», «Қостанай таңы» газеті бас редакторының орынбасары Аслан Қанғожин «Мерген ойыншы» аталымдарымен марапатталса, Алмас Бейсенбаев «Көрермен көзайымы» атанды. Үшінші орын Көкшетаудан келген ақын Алмас Темірбайға бұйырса, күміс жүлдені газет жанашыры, «Ауыл» партиясы облыстық филиалының төрағасы Қайрат Пішенбаев иеленді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан облыстық филармонияның өнерпазы Бәйімбет Құбайдолла турнирдің жеңімпазы атанды.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz