СУ БАСУЫ ЫҚТИМАЛ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР

Авторы: Qyzyljar News

Өңірдің 116 елді мекені су тасқыны ықтимал аймақта орналасқан. Атап айтқанда, Петропавл қаласында және Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарында су басу қаупі жоғары. Залалды барынша азайту және халықты су тасқынынан қорғау үшін өңірде тиісті жұмыстар жүргізу алдын ала басталды. Облыста 38 шақырымнан астам бөгеттер мен үйінділер тұрғызылды, тағы 41 шақырым қорғаныс құрылыстары нығайтылды.

-Облыстың автожолдарында 108 су өткізу құбырлары мен тюбингтер орнатылды, 10 шақырымнан астам су бұру арықтары мен арналары тереңдетілді, шағын өзендердің 4 шақырымы тазартылды, 214 шақырым нөсер кәрізі тазартылды және жөнделді», – деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.

Қар шығару бойынша белсенді жұмыстар жалғасуда, сондай-ақ мамандар халықпен су тасқыны қауіпті кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Есіл және оның салаларында әлі де мұз қатып тұр, қозғалыс наурыздың үшінші  онкүндігінде күтілуде. Өңірдегі жағдайды 22 гидрологиялық бекет бақылайтын болады. Алдын ала болжамға сәйкес, Сергеевка су қоймасына күтілетін құйылым 1,9-2,9 млрд. текше метрді құрайды, бұл 150-227 пайызды құрайды.

Қазір өңірде жағдай тұрақты, дейді мамандар. Олар сондай-ақ Сергеевка және Петропавл су тораптары тасқын суларды қабылдауға дайын және қанағаттанарлық жағдайда екенін хабарлады. Су тасқынының өтуінің соңғы болжамы 5 наурызға дейін ұсынылады.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz