Қызылжар өңіріне «Еңбек» бағдарламасы бойынша қоныс аударып, кейіннен қайтадан оңтүстік жаққа көшіп кеткендер аз емес. Жуырда осындай 368 адамның ісі сотқа берілді,. Енді олар субсидия қаражатын толық мөлшерде қайтарып беруі тиіс. Шығын көлемі – 373 млн. теңге болып отыр. Мамандардың айтуынша, кейбір отбасылар алған субсидиясын ерікті түрде өтеуге келісім берген. Бағдарлама қатысушыларына қойылатын негізгі талап – тұрғылықты мекенжайы бойынша кемі бес жыл тұру керек.
Жалпы соңғы үш жылда біздің облысқа оңтүстік өңірлерден келген 2 мыңға жуық адам қайта көшіп кеткен. Гүлғайша Ілиясова, Еңбек мобильдігі орталығының бөлім басшысы «Біріншіден, ауа райының қолайсыздығынан өздерінің елдеріне қайтып кетеді. Екіншіден, денсаулық жағдайына байланысты қайтып кетеді. Үшіншіден, тұрақты жұмысқа тұру керек, ол үшін әсіби оқудан өту керек. Сондай шарттарды кейбір көшіп келген қоныс аударушылар бұзғаны үшін олармен шарт бұзылады,- дейді Еңбек мобильдігі орталығының бөлім басшысы Гүлғайша Ілиясова.
QYZYLJAR NEWS