Май экстракциялау зауыты іске қосылды

Авторы: Qyzyljar News

Біздің облыста ірі инвестициялық жоба сәтті жүзеге асты, бұл Президенттің аграрлық саладағы өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес орындалды. Петропавлда майлы дақылдарды өңдейтін «Масло-Дел» серіктестігінің майды экстракциялау зауыты іске қосылды.  Жаңа кәсіпорынның жұмысымен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты.

Жобаға 34 млрд теңге инвестиция құйылып, толық қуатына шыққанда 220 жұмыс орны ашылады. Бюджетке 3,2 млрд.тг салық құяды. Жаңа кәсіпорын жылына 400 мың тоннаға дейін майлы дақылдарды өңдей алады. Өндіріс толықтай автоматтандырылған және қалдықсыз жұмыс істейді, заманауи еуропалық жабдықтармен қамтылған.

Кәсіпорын шикізатты жергілікті диқандардан сатып алады, бұл өңірдің жоғары әлеуетін көрсетеді. Биыл әртараптандыру аясында майлы дақылдардың егіс алқабы 85 мың гектарға ұлғайтылып, 760 мың гектарға дейін жетті, — деп атап өтті әлеуметтік желідегі парақшасында өңір басшысы.

        Зауыттың өнімі — күнбағыс, рап және зығыр майы, сондай-ақ күнжара мен шрот. Ашылған күннен бастап 10 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілді. Көктемде экстракция желісі іске қосылса, жыл соңына дейін тамақ өнеркәсібінде сұранысқа ие лецитин өңдеу цехы ашылады. Кәсіпорын шикізатты жергілікті диқандардан сатып алады, бұл өңірдің жоғары әлеуетін көрсетеді. Биыл әртараптандыру аясында майлы дақылдардың егіс алқабы 85 мың гектарға ұлғайтылып, 760 мың гектарға дейін жетті. Жаңа зауыттың арқасында өңір барлық өнімді өңдеуге мүмкіндік алды. Айта кетсем, былтыр СҚО-да 780 мың тонна майлы дақыл жиналса, бүгінде өңдеу кәсіпорындарының жалпы қуаты жылына 811 мың тоннаны құрайды.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz