АУЫЛ ОҚУШЫСЫ – БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ

Авторы: Qyzyljar News

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның оқушысы Никита Авдеев «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсымыз!» халықаралық жастар байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Никита Авдеев Андреевка орта мектебінде оқиды. Әлеуметтік жарнама байқауы жайында ұстаздарынан білген. Жасөспірімнің «Жемқорлықтың қолына түспе!» атты жұмысын қазылар ең креативті туындылардың бірі ретінде бағалады.

— Мен сыбайлас жемқорлықты құбыжық ретінде көрсеттім, ал оның астында адам тұр. Ол таңдау құқығына ие – адал өмір сүріп, заңға бағынады немесе жемқорлықтың құрбаны болады. Бұл жұмысым жоғары бағаланғанын естігенде қуанышымда шек болмады, — дейді Никита Авдеев.

Никитаға байқауда жеңіп алған сыйлығын облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастығы тапсырды. Мамандардың айтуынша, биыл байқауда рекорд орнатылып, әлемнің түкпір-түкпірінен 41 мың жұмыс ұсынылды. Биыл оған БАӘ, Қытай, Таиланд, Мьянма, Бразилия, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанды қоса алғанда, 11 елден жас суретші қатысты.

— Бұл ауқымды конкурс қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидаттарын нығайту, сондай-ақ жастардың сыбайлас жемқорлық мәселесіне назарын аудару мақсатында өткізіледі. Жас суретшіміздің халықаралық деңгейде танылуы – бұл тек оның жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар бүкіл қазақстандық жастар үшін маңызды оқиға. Никитаның жеңісі қазіргі жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын түсінетінін және азаматтық ұстанымдарын шығармашылық арқылы білдіруге дайын екенін көрсетеді. Бұл сайысқа оқушыларымыз жылда қатысады, Никита сияқты жеңімпаз болған балаларымыз бар, — дейді облыстық білім басқармасының бас маманы Зәмзәгүл Тұрлыбаева.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz