Қоныс аудару бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыны ұрлау фактілері анықталды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары қоныс аудару бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады. Қадағалау органы тексерулер аясында әлеуметтік шарттың қабылданған міндеттемелерін орындамау және тұрғын үй құнын асыра бағалау үшін қолданыстағы заңнаманың өрескел бұзылғанын анықтады.

Осылайша, Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Жамбыл аудандарында қоныс аудару бағдарламасына қатысушылар Әлеуметтік кодекстің талаптарына және адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының талаптарына қарамастан, тұрғын үйді сатып алу шығындарын өтеуге мемлекеттік өтемақыны барынша көп алу үшін олардың нақты құнын асырып асырып көрсеткен.

Осындай заңсыз әрекеттерден мемлекетке жалпы сомасы 11,3 млн. теңге шығын келтірілген. Осы фактілерге сүйене отырып, прокуратура Қылмыстық кодекстің 190-бабына (алаяқтық) сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Аудандық сот үкімімен бағдарламаның 3 қатысушысының бас бостандығы бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге шектелді.

Сонымен бірге, әлеуметтік шарт бойынша өз міндеттемелерін бұза отырып, мемлекеттен қаржылай көмек алған қоныс аудару бағдарламасына қатысушылар тұрақты тұру үшін қоныс аударған орнынан республиканың басқа аймақтарына көшкен. Осыған қарамастан, жергілікті атқарушы органдардың шенеуніктері 103,6 млн теңге көлеміндегі төлемдерді өндіріп алу шараларын қолданбаған.

Прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың 25 қызметкері (оның ішінде Мансап орталықтары филиалының 11 басшысы) тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 19,1 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты өтелді. Қалған сомаға талап арыздар сотқа беріліп, қаралуда. Бюджеттік қаражатты жұмсау мәселесі облыстық прокуратураның бақылауына алынған.

Облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz