Су тасқынымен күреске алғашқы көмек келіп жетті

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысына бүгін көктемгі тасқынмен күреске Қарағанды облысынан 50 адам келіп жетті.

ызылжар ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау жөніндегі бас инспекторы Еркебұлан Асылбековтің айтуынша, келгендер ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысындағы әскери бөлімшесінің мамандары. Бүгін оларды Бескөл ауылындағы Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғимаратына орналастырды.

 

— Көмекке жеткен қарағандылық әріптестер өздерімен бірге 5 ауыр техниканы ала келді. Олар қазір бөгетті нығайтуға көмектесіп жатыр. Биіктетілген бөгетті шайып кетпеу үшін полипропилен қаптаманы жауып, бекітеді. Әзірге ТЖМ басқа бөлімдерінен көмектің қашан келетінін айта алмаймыз, су тасқыны жағдайына байланысты шешім қабылданады, — дейді Еркебұлан Асылбеков. Маманның айтуынша, қазір Қызылжар ауданында ҚР Ұлттық ұланының 60 курсанты еңбек етіп жатыр. Олар Бескөл, Прибрежное және Тепличное елді мекендерінде қаптарға құм толтырып жатыр.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz