«БІРЛІКТЕГІ» КӨШЕЛЕРГЕ АТАУ БЕРІЛЕДІ

Авторы: Qyzyljar News

«Бірлік» шағынауданы облыс орталығында былтыр бой көтеріп,ььонда тасқын судан зардап шеккендерге баспаналар салынған болатын. Биыл енді ондағы 28 жаңа көшелерге атау берілмек.

«Жол картасы аясында «Бірлік» шағынауданындағы  жаңа көшелерге атау беру бойынша ономастикалық жұмыстар жүргізіледі.  «Көше атаулары «Дәстүрлі атаулар» және «Жер-су атаулары» тізімдерінен ұсынылады. Бұл атауларды республикалық ономастикалық комиссия бекіткен. Жаңа көшелерге атау беру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді», – делінген облыстық  мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы таратқан хабарламада.

Ал елді мекендердің атауын өзгерту әзірге кейінге қалдырылған.  Қазір Қызылжар өңірінде идеологиялық тұрғыдан ескірген 347 атау  өзгертілмеген. Олардың қатарында 33 ауыл, 14 ауылдық округ және 300 көше атауы бар.

Ақпан айының басында өткен мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының алқа отырысында өңірдегі төрт мектепке танымал тұлғалардың есімін беру мүмкіндігі талқыланды. Бұл ұсыныстар облыстық ономастикалық комиссияға жолданған.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz