АУЫЛДАСЫН ӨЛТІРГЕН

Авторы: Qyzyljar News

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қайғылы оқиға сегізінші наурыз күні Ақжар ауданына қарасты Восход ауылында болды. Мерекелік отырыс кезінде 46 жастағы ер адам ауылдасын өлтірген.

Көршілерінің айтуынша, ер адамдар бірге жұмыс істеп, отын жарған. Жұмыстарының еңбекақысын олар бірге жұмсап, көңілді мерекелік кеш ұйымдастырған. Арақ ішкеннен кейін олардың арасында жанжал шығып, біреуі екіншісіне пышақ сұққан. Жарақаты ауыр болғандықтан, 44 жастағы ауыл тұрғыны қайтыс болған.

«Күдікті – осы ауылдың 46 жастағы тұрғыны. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда», – делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада

Полицейлер Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғады.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz