БАСШЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Әділхан Сағындықов тағайындалды.

Облыс  әкімдігінің мәліметінше, Әділхан Сырлыбайұлы Шымкент қаласының тумасы. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін және Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Экономика және менеджмент», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Әр жылдары Штаттық ұлттық спорт резерві командалары дирекциясының таеквондодан мемлекеттік жаттықтырушысы, Астана әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары және басшысы болды. Осы тағайындауға дейін Қазақстан таеквондо Федерациясының Бас хатшысы қызметін атқарды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы үш айдан артық басшысыз болды.

Бұған дейін басқарманы басқарған Сергей Мелехов Петропавл қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz