Өскемен қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатында қола жүлдегер анықталды.
Үшінші орын үшін бәсекеде «Қуаныш» (СҚО) пен «Тұран» (Түркістан) екінші кездесуін өткізді. Екінші ойында Азамат Есімов жаттықтыратын солтүстікқазақстандықтар 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Кеше «Қуаныш» айқын басымдылық көрсетті деуге болады – 3:0 (25:13, 25:18, 25:18). Осылайша, «Қуаныш» өткен жылғы жетістігін қайталады. Ал 2024 жылы ел чемпионы атанған «Тұран» биыл жүлдесіз қалды.
Бесінші орын үшін ойында «Қарағанды» клубы ақтөбеліктерді 3:1 (25:17, 23:25, 25:18, 25:23) есебімен ұтып, қарымта қайырды. Енді бұл бәсекеде қосымша үшінші матч ойналады.
QYZYLJAR NEWS