Петропавл қаласында облыстық әкімдіктің өкілдері, полиция қызметкерлері мен журналистер Италияның Лидо-ди-Езоло қаласында кикбоксингтен өткен әлем кубогынан оралған спортшыларды қарсы алды.
Ибрагим Беков пен Нұрсұлтан Жақыпов Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамында 86 кг. салмақ дәрежесінде «фул-контакт» бөлімінде өнер көрсетті. Полиция майоры Ибрагим Беков екі кездесуде жеңіске жетіп, төрешілердің шешімімен үшінші орынға ие болды.
Оның әріптесі, полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Жақыпов үш кездесуде сәтті өнер көрсетті. Соңғы финалдық жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Жылдам қимылдайтын арнайы жасақта қызмет атқару дене шынықтыру дайындығының жоғары болуын және жекпе-жек өнерін меңгеруді талап етеді. Үнемі жаттығып, спорттық машықтарын шыңдап тұратын қызметкерлер әлемдік деңгейдегі спорттық ареналарда айтарлықтай жетістіктерге жетуде.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
СҚО ПД баспасөз қызметі.