Екі тұрғыннан «ТТ» тапаншасы мен шолақ мылтық тәркіленді

Авторы: Qyzyljar News

Облыс  аудандарының бірінде  криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментімен бірлесіп мақсатты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде иір ұңғылы қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады. Бұрын ұрлық, айдап әкету және қарақшылық үшін бірнеше рет сотталған 35 жастағы ауыл тұрғынынан тәртіп сақшылары «ТТ» тапаншасын және әртүрлі қару түрлеріне арналған 30-ға жуық оқ-дәрі тәркіледі.

Ер адамның айтуынша, ол қаруды тауып алып, өзіне қалдыруды жөн көрген. Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, тапанша сараптамаға жіберілді. Полицейлер қарудың қылмыстық мақсаттарға қатысы бар-жоғын  анықтайды.

Ал күдіктінің ауылдасы мен құрдасынан полицейлер «ИЖ-18Е» дара ұңғылы шолақ мылтығы пен оған арналған 8 патронды тапты. Шолақ мылтықты сақтағаны үшін де қылмыстық жауапкершілік көзделген. Күдіктілер ірі мөлшердегі айыппұл төлеуі немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz