«НАУРЫЗ ЖҰМЫСКЕР» ИПОТЕКАСЫ

Авторы: Qyzyljar News

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламасы туралы толық мәлімет берілді. Оған өндіріс, құрылыс, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су ресурстары және ирригация салаларының жұмысшылары қатыса алады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы, тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, электрмен, газбен және ауаны баптаумен қамтамасыз етуші мамандар да үй ала алады. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және өңдеу, ластануды жою қызметі, құрылыс, көлік және қоймалау саласының мамандары да құжат тапсыруға құқылы. «Несие мөлшерлемесі – әлеуметтік осал топтар үшін жылдық 7% және барлық басқа санаттар үшін жылдық 9%. Бастапқы жарна — таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үй сатып алу кезінде 10%. Әрленбеген бастапқы тұрғын үй немесе қайталама нарықтағы тұрғын үй сатып алу кезінде 20%-дан бастап. Заемның ең жоғары сомасы – өңірлер үшін 30 млн теңге. Астана, Алматы қалалары үшін 36 млн теңге. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үй сатып алуға болады. Қайталама тұрғын үйді тек моноқалаларда және ауылдық елді мекендерде сатып алуға болады, — деді «Отбасы банк» АҚ СҚОФ директоры Нұржан Әлібеков.

Елімізде «Наурыз жұмыскер» ипотекасы бойынша «Отбасы банк» өтініштерді 17 наурыздан бастап қабылдайды. Жобаға 72 млрд теңге бөлініп, шамамен 2 440 жұмысшы жеңілдетілген несиемен баспана ала алады.

Бағдарлама бойынша өтінім беру үшін жұмыс орнынан анықтама әкелу қажет. Анықтамада ЭҚЖЖ және үміткердің кәсібі көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, жеке куәлігі, отбасылы болса, балалардың туу туралы куәліктері, неке қию (бұзу) туралы құжат қажет. Жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама керек. Қажет болған жағдайда банк ішкі талаптарға сәйкес басқа да құжаттарды сұратуы мүмкін.

Соңғы алты айда ресми табысы болуы керек. Бұл ретте анықтама берілген жұмыс орнынан аударылған, кемінде соңғы үш айдағы міндетті зейнетақы жарналары болуы тиіс. «Наурыз жұмыскер» бағытының басты айырмашылығы — ол конкурссыз және балл есептемей жүзеге асырылады. Қолжетімді заемдарды банк филиалына жүгінгендер және төлем қабілеттілігін растағандар алады.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz