Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Петропавлға келіп, Солтүстік Қазақстан облысының сот корпусына облыстық соттың жаңа төрағасы Серікжан Ғабдулинді таныстырды.
Бұл іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, судьялар, облыстың құқық қорғау органдарының бірінші басшылары және сот әкімшілігі департаментінің өкілдері қатысты.
Серікжан Ғабдулиннің 25 жылдық судьялық өтілі бар, оның 17 жылын бірінші сатыдағы соттарда атқарған.
Серікжан Ғабдулин 1970 жылы Ресейдің Түмен облысында дүниеге келген. 1996 жылы Омбы мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
1993-1999 жылдары ішкі істер және прокуратура органдарында қызмет етті; 1999 — 2013 жылдары — Петропавл қалалық сотының судьясы, төрағасы;
2013–2016 жылдары — Аққайың аудандық сотының төрағасы; 2016–2020 жылдары — СҚО сотының судьясы;
2020 жылдан осы қызметке тағайындалғанға дейін — Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болды.
Облыстық соттың баспасөз қызметі.