ТАСҚЫНҒА ҚАРСЫ ШИРАҚ ҚИМЫЛ

Авторы: Qyzyljar News

Қазір күннің жылынуына байланысты Петропавл қаласында тасқынның алдын алу жұмыстары күшейе түсті. Мәселені жіті бақылауға алған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов  «Бірлік» шағынауданында тұрғындармен кездесіп,  жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылады.

Бұл шағынауданда су айдау үшін 20 мотопомпа және 10 ассенизаторлық машина жұмыс істеуде, сондай-ақ өртке қарсы қызметтің арнайы техникасы да тартылған. Су ағызу үшін арықтар қазылған, биыл кәріз жүйесі салынбақ.

Өңірде су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда. Бұған дейін облыс елді мекендерінен 1,3 миллион текше метр қар шығарылды, соның  900 мыңы Петропавлға тиесілі. Қазір қалалық қызметтер суды сору жұмыстарына басымдық беруде, әсіресе  Жұмысшы кенті, «Береке», «Бірлік» шағынаудандары жіті бақылауда.

«Бірлік» шағынауданынан өтінімдер қабылдау үшін «Апельсин» дүкені маңында жедел штаб жұмыс істейді. Өтініш түскен бойда бригадалар көрсетілген  мекенжайға барып,  су сору жұмыстарын жүргізеді.

«Тасқын бойынша жағдайды бақылап, жедел әрекет ету үшін үнемі тексеруге шығып, елді мекендерге барып тұрамын»,  – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Бұған дейін облыс әкімі Жұмысшы кентіндегі жедел штабтың да жұмысымен танысқан еді.  Ол қала басшылығына және барлық коммуналдық қызметтерге тәулік бойы жұмыс режиміне көшуді тапсырып, тұрғын үйлерді су басудың алдын алу үшін су сору және қар шығаруды барынша жеделдету қажет екенін айтқан болатын.

Жалпы қала бойынша су тасқынымен күресу үшін 40 мотопомпа және 30 ассенизаторлық машина жұмылдырылды.  Қажет болған жағдайда резервтегі мотопомпалар да іске қосылады. Биыл  қосымша 50 жаңа мотопомпа сатып алынды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz