Тоқсан би Жабайұлының туғанына 285 жыл

Авторы: Qyzyljar News

Алаштың Төбе биі. Бүгін осындай атаумен Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Іс-шараға мәдениет саласының ардагері, күйші Серікбай Құсайынов, ардагер ұстаз Қарақат Шалабаев, «Асыл мұра» орталығының жетекшісі Ахметжан Қуантаев және өңірдің белгілі өлкетанушылары мен студент жастар қатысты.

whatsapp image 2022 02 18 at 16.08.30whatsapp image 2022 02 18 at 16.08.30 1
Тоқсан би Жабайұлы 1737 жылы Жамбыл ауданының аумағында туған. Өз заманында әділдігімен, шыншылдығымен, туралығымен көзге түсіп, «Дала данышпаны» атанған. Үш жүзге аты жайылған бидің тұлға ретінде танылуына атасы Қара би көп ықпал еткен екен. Тоқсан би Жабайұлы кішкентай кезінен атасымен бірге атақты аузы дуалы, сөзі уәлі шешендермен кездесіп,сөз жарыстарға қатысқан. Жұртшылық талант иесін 15 жасынан бастап Төбе би, солтүстік өңір (Омбы, Петропавл, Көкшетау, Қостанай) қазақтарының бас биі деп атап кеткен. Дала данышпаны1839 жылы дүниеден өтіп, Ғ. Мүсірепов ауданында жерленген. Оның өлеңдері қағазға басылмағанмен, ел есінде сақталып, атадан-балаға мирас болып айтылып келеді.

whatsapp image 2022 02 18 at 16.07.10

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz