2020 жылы жергілікті атқарушы органдар ас тұзын өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдаланушыға бірегей Теке көлін берген. Оның жалпы ауданы 21,5 мың гектар. Кейін су қоймасының айдынында жер учаскесін жалға алу туралы шарты жасалған. Алайда, 2022 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мерзімі аяқталған. Бірақ уәкілетті орган Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, екі жылдан астам уақыт бойы шартты біржақты сотқа дейінгі тәртіппен бұзу жөнінде шаралар қолданбаған. Яғни, су қорының жерлері осы аралықта мақсатсыз пайдаланылып келген.
Сондай-ақ, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс талаптарына қарамастан, кәсіпкер уәкілетті органның ресми сайтындағы жер қойнауын пайдаланушылар тізімінен алынбаған. Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының қабылданған шараларымен жер учаскесін жалдау шарты сотқа дейінгі тәртіппен біржақты бұзылды. Сөйтіп, кадастрлық құны 26,7 млрд. теңгені құрайтын бірегей Теке көлі мемлекеттік меншікке қайтарылды. Құзыретті органның интернет-ресурстарындағы мәліметтер сәйкестендірілді, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.