Автокөліктің барлық түрлері үшін жабылды

Авторы: Qyzyljar News

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» акционерлік қоғамының облыстық филиалы таратқан мәліметке сәйкес,. 2025 жылғы 21 наурыз күні сағат 15.00-ден бастап KZ15-09 «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпір аралығы)  10 сәуірге дейін автокөліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу енгізілді. Ведомство ақпарына сүйенсек, жол су тасқыны кезеңінде қорғаныс бөгетін нығайту жұмыстарына байланысты жабылған.

Бұл күндері мынандай  балама жолдар болады:

-Жеңіл көліктер үшін Петропавл қаласы арқылы.

-Жүк көліктері үшін KZ15-02 «Петерфельд – Архангельск – Новокаменка» және KAZ13 «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» республикалық маңызы бар автожолының Арқалық арқылы (0-30,519 шақырым) және KAZ13 «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» Арқалық арқылы ( 938- 954 шақырым).

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz