Әмбебап құтқару бөлімшесі ашылды

Авторы: Qyzyljar News

     Қызылжар ауданындағы Тепличное ауылында өңірдегі алғашқы әмбебап құтқару бөлімшесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Пестрое көлінің жағасында орналасқан жаңа мамандандырылған нысан авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарының кең спектрін орындауға арналған.

Ашылу салтанатына Қазақстан Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен бөлімшенің жеке құрамы қатысты.

— Бұл заманауи кешенде қызметкерлерге биік жерлерде де, су астында да құтқару жұмыстарын жүргізуге қажетті жағдай жасалған. Солтүстік Қазақстан облысында әмбебап бөлімшенің ашылуы өңір тұрғындарының қауіпсіздік деңгейін едәуір арттырады, өйткені қазір ТЖМ дәрігерлері де осы жерде қызмет атқарады, — деді Шыңғыс Әрінов.

Ауданы 900-ден астам шаршы метр модульдік типтегі екі қабатты ғимарат өңірдің климаттық жағдайын ескере отырып, жеке жоба бойынша салынған. Кешен құрамында әкімшілік кабинеттер, доңғалақты техника мен жүзу құралдарына арналған гараждар және бокстар, оқу сыныбы, «Batyr Team» ведомстволық клубының спорт залы, медициналық кабинет, психолог кабинеті, қойма үй-жайлары бар жөндеу блогы, сондай-ақ алты үйшік пен кинологтарға арналған бөлмесі бар кинологиялық орталық көзделген.

ТЖМ басшысы салтанатты түрде бөлімшенің кілтін оның қызметкерлеріне тапсырды, содан кейін олар ресми түрде жауынгерлік кезекшілікке кірісті. Сондай-ақ құтқарушылардың қарамағына «КамАЗ» маркалы жаңа вахталық автобус және қосымша арнайы техника берілді.

Қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, ТЖМ 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығы филиалының мамандары Құрмет грамоталармен және Алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара соңында Шыңғыс Әрінов дәстүрлі көгалдандыру акциясына қатысып, бөлімше аумағына қарағайдың жас көшеттерін отырғызды.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz