Облыста су тасқыны қаупін бақылау мақсатында дрондар қолданыла бастады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің Қызылжар өңіріне жұмыс сапары барысында белгілі болды.
Министр облыс әкімдігі жанындағы жаңа ситуациялық орталыққа барып, онда су тасқынын мониторингтеу жүйесінің іске қосылғанына куә болды. Сегіз дрон енді тәулік бойы су басу қаупі бар негізгі аумақтарды бақылайды.
Министр Петропавл қаласындағы Ойқала шағынауданындағы Ущев бөгетін тексерді. Бұл нысан қала инфрақұрылымы мен тұрғын үйлерді су тасқынынан қорғауға арналған. Ол сондай-ақ Қызылжар ауданындағы жұмыстармен танысты. Мұнда Қарағанды мен Алматы облыстарынан келген әскери бөлімдер жағалауларды нығайту үшін полипропилен жабындар мен құм салынған қаптарды орналастырып жатыр.
Облыста су тасқынына қарсы 47 шақырым қорғаныс бөгеті салынды, 41 шақырымы нығайтылды, 108 су өткізу құбыры мен тюбинг орнатылды, 10 шақырым су бұру арналары тереңдетілді, 4 шақырым кіші өзен арналары тазартылды, 214 шақырым нөсерлі кәріз жүйесі тазартылып, жөнделді. Бүгіндері мұз кептелістерін болдырмау үшін жарылыс жұмыстары жүргізілуде.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.