Облыс прокурорлары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізді. Нәтижесінде экстремистік, террористік сипаттағы ақпарат, жасөспірімдер суицидін және балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін насихаттауды таратқан топтар анықталды
Жыл басынан бері облыс прокурорлары құқыққа қайшы контенті бар 81 топты анықтаған. Бүгіндері олардың барлығы бұғатталды. Мысалы, «PANIC PETRO» Telegram-арнасында кәмелетке толмағандардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін посттар, сондай-ақ жыныстық сипаттағы бейнероликтер орналастырылған. «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданған шаралармен аталған топтарға кіру бұғатталды.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.