АУЫЗСУ ТАРИФІ ӨСТІ

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда су тарифі қымбаттады. Бұл туралы «Қызылжар су» ЖШС өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Су бағасы бірден 16,7 пайызға өскен. Өзгерістерді петропавлдықтар 1 сәуірден бастап түбіртектерде көре алады. Мұндай баға өсімі қаңтардан бастап дифференциалды тарифке көшумен байланысты болып отыр. Судың да сұрауы бар. Яғни, суды үнемді пайдаланатындар азырақ төлейтін болады. «Сонымен, бір адам айына 3 текше метрге дейін су тұтынса ол 113, 20 теңге, одан сәл асыра пайдаланғандар, яғни 5 текше метрге дейін су тұтынған болса 135,84 теңге төлеуі тиіс. Ал есептік құрылғылары жоқ бір адам айына 10 текше метрден артық су пайдаланса базалық бағадан 2 есе қымбат төлеуі тиіс болады», –  делінген жазбада.

Петропавлда соңғы рет тариф бір жарым жыл бұрын көтерілген екен. Содан бері қалада су бағасы өзгермеген. Қаржының басым бөлігі қызметкерлердің жалақысын арттыруға бағытталмақ. Онымен қоса, кәсіпорын қосымша инвестиция тартып, желілерін жаңартуды көздеп отыр.

Мағжан АХМАДИНА.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz