ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН ӨТЕЙДІ

Авторы: Qyzyljar News

2025  жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде 502 солтүстікқазақстандық жігіт Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Олардың ең көбі, яғни 225 азамат еліміздің Қарулы Күштерінің қатарын толықтырмақ, атап айтқанда;

Мемлекеттік күзет қызметі — 5 адам;

Төтенше жағдайлар министрлігі — 17 адам;

ҰҚК Шекара қызметі — 35 адам;

Ұлттық ұлан — 220 адамды шақыруды жоспарлап отыр.

Бүгіндері 1722  солтүстікқазақстандық жігіт іріктеліп алынған. Оның 1372-сі әскерге «жарамды» болғанымен, денсаулығында аздаған кінәрат анықталған. Ал 11402 солтүстікқазақстандық жігіт әскерден босатылған. Олардың 8057-сі білім алып жатса, 563-і отбасылық жағдайына байланысты әскерге бара алмайды. Сондай-ақ істі болған 134 адам да осы тізімде тұр. Ал 491 «жарамсыз» деп танылған болса, 398 азаматтың жасы 27-ден асып кеткен. Бұл тізімде әскерге барудан қашып жүргендер де бар. Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарып, іздеуде жүргендердің саны 795 адамға жеткен.

Былтыр күзгі әскерге шақырту маусымы кезінде әскерге барудан жалтарып жүрген 96 адам анықталды. Оның 24-і әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бүгіндері ел азаматтары әскери билетті бір ай ішінде ала алады. Ол үшін елімізде арнайы әскери-техникалық білім ордалары жасақталған. Биыл олардағы оқыту құны – 305 мың теңгені құрайды. Ақылы негіздегі әскери қызметтен 24 ден 27 жасқа дейінгі, денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметке жарамды немесе жарамдылығы шектеулі, соның ішінде әскери қызметке шақыру мерзімі кейінге қалдырылған азаматтар өте алады. Азаматтарды әскери-техникалық және басқа әскери мамандықтар бойынша ақылы негізінде даярлау  Қорғаныс министрлігі көрсететін  мемлекеттік қызмет болып табылады. Былтыр өңірдің 62 тұрғыны осындай даярлықтан өткен.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz