ҚАБАҒАН ИТ ҚАУІПТІ

Авторы: Qyzyljar News

Облыс аумағында биылғы екі айда 99 адамды ит қапса, соның 52 пайызында тұрғындарды қаңғырған иттер талаған. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 158 адам антирабиялық көмекке жүгінген, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,6 пайызға  төмен.

Иесіз иттердің көбеюіне байланысты облыстың бірқатар аудандарында ит қауып, медициналық көмекке жүгінген тұрғындар саны артқан. Мәселен Ақжар ауданында 6 адам зардап шеккен, Қызылжар ауданында осындай 14 жағдай тіркелген. Петропавлда жәбірленушілер саны 14-ке артып, 89 адам медициналық көмекке жүгінген.

Зардап шеккендердің 99-ын ит қапқан, бұл барлық оқиғалардың 62,6 пайызы, 49 жағдайда адамдарды мысық тырнап, таласа, 10 адамға тышқан-егеуқұйрықтар, тиіндер шапқан.

Антирабиялық көмекке жүгінудің барлық жағдайлары бойынша эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тергеу жүргізілді. Медициналық көмекке жүгінгендердің барлығына – 158 адамға вакцина тағайындалды. Оның ішінде антирабиялық вакцина – 83 адамға, иммуноглобулин және антирабиялық вакцина – 75 зардап шегушіге егілді. Жануарлар қауып-талаған адамдардың 38 пайызы  ауыл тұрғыны.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz