Ауыл шаруашылығы министрі облыс тұрғындарымен кездеседі

Авторы: Qyzyljar News

Бүгін,  28 наурызда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өңір тұрғындарымен кездеседі. Ведомство басшысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді де қабылдайды.

Министрдің тұрғындармен кездесуі туралы хабарлама ведомстваның ресми парақшасында жазылған. Оның барысында өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қабылданған шаралар талқыланады.

Кездесу Петропавл қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 266 мекенжайы бойынша, сағат 10.00-де басталады. Бұл -«Масло-дел» зауытының ғимараты. Аталмыш іс-шараға ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысады.

Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстар болса, оларды kuantaev.e@minagri.gov.kz электронды поштасына жолдауға болады.

QYZYLJAR NEWS

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz