СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН АТЫС ҚАРУЫ

Авторы: Qyzyljar News

«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс істеп жүрген Аққайың ауданының полицейлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінің маңында үйілген шөптің арасынан тегіс ұңғылы тіркелмеген екі аңшы мылтығын тауып алды.

Олардың бірі сирек кездесетін «Берданка» мылтығы болып шықты. Қарудың бұл түрін кеңестік кинофильмдерде орманшылар мен партизандардың қолынан жиі көруге болады. XIX ғасырда «Берданка-2» винтовкалары әскердің қолданысында болған. Кейін олардың қалған даналары аңшылық қару ретінде сатылған. Бұл үшін мылтықтарды бытырамен атуға болатындай етіп зауыттық тәсілмен өзгерткен. Сарапшылардың бағалауынша, аққайыңдық тұрғынның мылтығы 1935 жылға дейін жасап шығарылған.

Ер адамның айтуынша, оны арғы атасы пайдаланған. Алайда отбасылық көне мылтықпен қош айтысуға тура келді. Бұдан бөлек, тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары мұраға қалған қаруды тіркеуді немесе полицияға өз еркімен тапсыру керектігін еске салады.

«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер облыс аумағында заңсыз сақталған 15 бірлік қару тәркіледі.

Облыстық полцция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz