Жылқы ұрлаған тұрғын сотталды

Авторы: Qyzyljar News

Облыстық полиция департаменті өткен жылдың желтоқсан айында М.Жұмабаев ауданының 48 жастағы тұрғынының ұсталғаны туралы хабарлаған еді. Ол орман ішінен жеркепе қазып, сонда жасырынған. Полицейлер ұрланған жылқының ізімен жүріп отырып, ер адамды орман ішінде жануардың етін мүшелеп жатқан жерінде ұстаған еді.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамовтың айтуынша, қылмыскер бұрын екі пәтер ұрлығы үшін сотталған. Бір жағдайда бос тұрған үйден приставкасы бар спутниктік антеннаны, кілемдер мен төсеніштерді алып кеткен. Антеннаны екі бөтелке араққа сатқан, қалғанын өткізе алмаған соң лақтырып жіберген. Екінші үйден азық-түлік, телефон мен планшетті ұрлаған. Телефонды сата алмаған соң өзіне қалдырып, ал планшетті жоғалтқан.

Кейін ол бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға кесілген соң, пробация қызметінде тіркелмеген. Тіпті бұған дейінгі тонаған үйге қайтадан кірген. Қажетті көлемдегі азық-түлікті алып кетіп, «Булаево-Молодогвардейское» автожолының маңындағы қалың орманда жеркепе қазып алған. Жайлы болу үшін ішіне пеш те салып үлгерген.

Мұнысымен қоймай, ауылдардың біріндегі өзі жұмыс істеген үйге баруды ойластырған. Үй маңын, тіршілікті жақсы білетін қылмыскер үйретілген айғырды, ер-тоқым, жүген мен пиманы алып кеткен. Тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдары сотқа жіберілді, сот ер адамды кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.

Облыстық полиция депаратментінің  баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz