Облыста қант өндірісі жолға қойылмақ

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында қант өндірісі қолға алынады. Бұл жайында облыс әкімдігінің отырысында белгілі болды. «Asyl Farms» ЖШС басшысы Ғабиден Балғынбеков шаруашылық қант қызылшасын өсіру және қант өндіру бағытында жаңа бағытты дамытуды жоспарлап отырғанын айтты.

Қант зауыты Шал ақын ауданында салынады. «Жоба тәулігіне 5 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге мүмкіндік бермек.  Шикізаттың жартысынан көбін өзіміздің жерлерде өсіреміз, қалғанын көрші фермерлерден сатып аламыз», — деді Ғабиден Балғынбеков.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жобаға қолдау көрсетіп, оның іске асырылуы ішкі нарықты қантпен қамтамасыз етумен қатар, импорттық өнімге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мемлекет осы жобаны жүзеге асыруға қажетті барлық қолдауды көрсетеді.

Одан бөлек, «Asyl Farms» серіктестігі басқа да жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, май экстракциялау зауыты, қоспа жем кәсіпорны мен автоматтандырылған элеватор салынбақ.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz