Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында синтетикалық есірткіге қарсы күрес жалпыұлттық сипат алуы тиіс екенін атап өтті. Ішкі істер министлігінің жаңа жұмыс органымен ұқсастық бойынша облыстық полиция департаментінде де үкіметтік емес ұйымдармен, қоғаммен бірге есірткі құқық бұзушылығының алдын алу саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес құрылды.
Оның құрамы облыстық полиция департаменті бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдиновпен өткен кездесуде бекітілді. Жаңа органның құрамына полицейлер, депутаттар, журналистер, көпшілікке жақсы таныс қоғам қайраткерлері енді. Жаңа кеңестің негізгі міндеттері халықты есірткіге қарсы жұмысқа тарту, профилактика түрлері бойынша ұсыныстар әзірлеу, қоғамдық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Жастармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінбек. Есірткі таратушылардың басым бөлігін 18-25 жас аралығындағы азаматтар құрайды. Оларға қысқа уақыт ішінде байып кетуді және жазаға тартылмауды уәде етіп, есірткі қылмысына тартады. Соңғы бес жылда облыста полиция қызметкерлері он сегіз оқушы мен студентті ұстады, оның сегізі кәмелетке толмағандар.
Кездесуде облыс әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев, облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев пен Петропавл қалалық мәслихатының депутаты Закиржан Мамлютов сөз сөйледі. Кездесуге қатысушылар кеңестің ережелерін бекітіп, өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, таяудағы жоспарларын белгіледі.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
СҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы.