Биыл жерлесіміз Евней Бөкетовтің туғанына 100 жыл толды. Осыған орай Петропавл қаласында академик, жазушы, ғалымның бюстіне облыс әкімі атынан гүл шоғы қойылып, жиналғандар атақты жерлесіміз жайлы естеліктерімен бөлісті.
Ол Шал ақын ауданындағы Бағанаты ауылында дүниеге келген. Жастайынын білімге құмар жерлесіміз, қажырлы еңбегінің, ізденімпаздығының арқасында металлургия және химия саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Академик, техника ғылымдарының докторы түсті және сирек металдардың химиялық технологиясы саласында бірқатар жаңалықтар ашып, Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға үлес қосты. Сонымен қатар, Евней Бөкетов әдебиет саласында да сүбелі еңбек еткен.
Евней Бөкетов Қарағанды мемлекеттік университетінің негізін қалаушылардың бірі болып, оның ректоры қызметін атқарды. Білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін көптеген марапаттарға ие болды. 1969 жылы КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 1983 жылы дүниеден өткен Евней Бөкетовтің есімі қазақ ғылымы мен мәдениетінің тарихында алтын әріптермен жазылған. Бүгінде Қарағанды университеті оның атымен аталады. Петропавл көшелерінің біріне жерлесіміздің есімі беріліп, бюсті орнатылған. Бюстке облыс әкімінің атынан гүл шоғы қойылып, жиналғандар академиктің рухына тағзым етті.
QYZYLJAR NEWS