Ризабек Айтмұхан — күміс жүлдегер

Авторы: Qyzyljar News

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен қазақстандық Ризабек Айтмұхан (97 келі) күміс жүлдегер атанды. Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылының тумасы жартылай финалда ирандық Мохаммадмобин Азимиден басым түскент еді. Тартысты өткен белдесуде жерлес  балуан 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ризабек финалда жапониялық Араш Ёшидамен белдесті.  Белдесу барысында қарсыластар тартысты бәсеке өткізді. Алғашқы минутта жапониялық балуанның белсенділігі байқалды. Ол қатарынан үш ұпай олжалап кетті. Белдесудің екінші айналымында жапониялық ұпай қорын төрт ұпайға молайтса, Ризабек небәрі бір ғана ұпайды місе тұтты.

Осылайша жерлес балуан қарсыласына 1:7 есебімен жеңіліп, күміс медальді қанағат тұтты.  Екі жыл бұрын Азия чемпионатьнда аталған қарсыласынан 3:11 есебімен жеңіліп қалған еді.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz