94
Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Солтүстікқазақстандық балуан 74 килограмға дейінгі салмақта Қырғызстан спортшысы Орозбек Токтомамбетовпен кездесті. Нәтижесінде Нұрқожа Қайпанов 2:1 есебімен басым түсті. Жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз!
QYZYLJAR NEWS