КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛДІ

Авторы: Qyzyljar News

Облыстық сот төрағасы Серікжан Ғабдулиннің СҚО бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілі Жанат Жұмабаевпен қызметтік кездесуі өтті.

Талқылау аясында тараптар сот тәжірибесін әділдік және ізгілік қағидаттарын ескере отырып жетілдіру маңыздылығын атап өтті. Істерді қарау кезінде, әсіресе қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерге қатысты істерді қарау кезінде жеке тәсілдерді қолдану қажеттігі ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар, шартты түрде мерзімінен бұрын босату механизмдері, сондай-ақ жазаны тағайындау мен жеңілдету тәртібіне енгізілуі мүмкін өзгерістер талқыланды.

Кездесу қатысушылары құқық қолдану тәжірибесінде халықаралық стандарттарды сақтау үшін ведомствоаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша заңнаманы және сот тәжірибесін гуманизм мен заң үстемдігі рухында жетілдіруге бағытталған бірлескен жұмыс туралы келісімге қол жеткізілді.

Облыстық соттың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz