КӨРШІ АУЫЛДА БІЛІМ АЛУДА

Авторы: Qyzyljar News

 

Қызылжар ауданының Белое орта мектебінде шатырдағы арқалықтың деформациясынан төбе ілініп қалды. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін балаларды күн сайын көрші оқу орны – Пеньково орта мектебіне жеткізу туралы шешім қабылданды.

Төбенің салбырауы 23 наурызда болды. Белое орта мектебі 1964 жылы салынған. Оны техникалық тексеру 3 жыл бұрын жүргізілген және ғимараттың апаттылығы анықталмаған. Оқу орны екі ауысыммен өтті. Барлығы 116 адам білім алды.

Мектепті пайдаланбау туралы шешім қабылданды. Балалар оқуларын штаттық режімде жалғастыру үшін Пеньково орта мектебіне жеткізуді ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Оқыту екінші ауысымда жүргізіледі. Балалар күн сайын мұғалімдерімен бірге сол жаққа жеткізіледі. Бүгінгі күнге кесте бекітілді. Тамақтану ұйымдастырылды. Пеньково орта мектебінің жобалық қуаты 320 орындық, Қазір онда 185 бала білім алуда. Олар бірінші ауысымда оқитын болады.

Қызылжар ауданының білім бөлімі мамандандырылған ұйыммен мектеп ғимаратына техникалық тексеру жүргізуге және тиісті қорытынды беруге шарт жасасты. Одан әрі шешімдер қорытынды алынғаннан кейін қабылданатын болады.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz