АНЫҚТАЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

Авторы: Qyzyljar News

Қызылжар өңірінде  «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен  6,6 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржы облыста  38 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысанын салуға бағытталған. Облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мамандары бюджет қаржысының қалай жұмсалғандығын тексерген, соның нәтижесінде 611 млн. теңгеден астам соманың қаржылық бұзушылықтары анықталды.

Олқылықтар 32 алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісін салу кезінде анықталған. Нысандарда медициналық жабдықтар, бейнебақылау және телефондандыру жүйелері, сондай-ақ жылыту жүйесіне қажетті жиынтықтар болмай шыққан. Бұдан бөлек, 21 құрылыс объектісінде 3,6 млн. теңгені құрайтын рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Яғни, олар шарттық міндеттемелерді уақтылы орындамаған құрылыс компанияларына тұрақсыздық айыбын толық көлемде ұсынбаған. Сондай-ақ төрт бірдей алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісі уақытылы тапсырылмаған. Мұны да тексеріс барысында аудиторлар анықтады.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 611,3 млн. теңге қалпына келтірілді. Жұмыстар толығымен орындалып, тиісті жабдықтарды жеткізілген. Есептелген тұрақсыздық айыбының сомасы бюджетке толық көлемде қайтарылды. Жол берілген бұзушылықтар үшін басқарма басшысының міндетін атқарушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 236 мың теңгеге жуық айыппұл төледі. Тағы бір лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қаржы министрлігінің ішкі

мемлекеттік аудит комитеті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz