Масылдықтан арылу керек

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мемлекет басшысы қазақ халқын қандай қасиет алға сүйрейтін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Бұл бұл – өте маңызды мәселе, сондықтан қайталап айтайын. Біз қоғамда еңбекқорлық идеясын орнықтыруымыз керек. Турасын айтайық, бұл қазір ең өзекті мәселе болып тұр. Азаматтарымыз адал еңбекпен табыс табуды ең басты, орынға қоюы қажет. Бақуатты ел болу биліктің жұмысына ғана емес, ол ең алдымен, әрбір азаматтың еңбегіне байланысты. Елдің тұрмысын құрғақ сөзбен емес, нақты іспен көтеру керек. Біздің жастарымыз осыны айқын ұғынса деймін. Елімізде белгілі теріс факторларға қарамастан, тиімді, пайдалы жұмыс атқаратын мүмкіндіктер аз емес. Жақсы мен жаман туралы ұлы Абайдан асырып ешкім айта алмас. Сондай-ақ ойшыл ақынның «талап, еңбек, терең ой, қанағат және рақым» деген даналығының да мәні зор. Бұл қағида бізге, әсіресе осы заманда ауадай қажет. Масылдықтан, жалқаулықтан алшақ болуымыз қажет. Сонда ғана Жаңа Қазақстан тұжырымдамасы іске асады, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz