ҚАЗАҚ КИНОСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ

Авторы: Qyzyljar News

«Ұлттық киноны қолдау» мемлекеттік орталығы қазақ киносын насихаттау мақсатында Петропавлда қазақ киносының апталығын бастады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұған дейін Қарағанды және Жамбыл облыстарында өткен іс-шара барысында көрермен назарына он фильм ұсынылады.

— Ұлттық киноны қолдау орталығы аймақтарда Қазақ киносының күндерін өткізуді қолға алған болатын. Ондағы мақсат — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Кино орталықтың қолдауымен түсірілген фильмдерді халыққа ұсыну. Бұл — тұрғындардың ел үшін таспаланған туындылармен танысуына жасалған қадам. Он күні бойы аймақта ұлттық кино көрсетіледі. Аудандар мен ауылдарда да орталықтың картиналарын тамашалауға мүмкіндік болады. алып келген фильмдердің жанры мен мазмұны алуан. Жекелей жіктесек, «Патриоттар уақыты» киносы құқық қорғаушылардың еңбегін дәріптесе, «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Дос-Мұқасан» арқылы тұлғаларымыздың жүріп өткен жолына қанығуға болады. Ал «Бауырына салу» деп аталатын кинода дәстүріміз дәріптеліп, ұлтқа деген сүйіспеншілік сезімі еселенбек. Кішкентай көрермендерімізді де естен шығармай, «Тайқазан» деп аталатын балаларға арналған анимациялық туындыны да ала келдік, — дейді «Ұлттық киноны қолдау» мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.

Кино орталығының қолдауымен елімізде 117 туынды жарық көрген. Оның 72-сі көркем, 37-сі деректі, ал қалған 8-і анимациялық фильмдер. Петропавлдағы апталық «Патриоттар уақыты» фильмімен ашылды. Фильмдегі басты рөлдерді Санұржан Сүлейменов пен Данияр Алшынов сомдады. Сондай-ақ картинаға Дастен Шәкіров, Зарина Хаджиметова, Асқар Ілиясов, Саят Исембаев және т. б. талантты актерлер түскен.

Қазақ киносының апталығы Петропавл қаласында 14 сәуірге дейін жалғасады.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz