ПД бастығы айтулы турнирден жеңіспен оралған арнайы жасақ офицерлерін құттықтады

Авторы: Qyzyljar News

Облыстық  полиция департаментінде жазғы нысанды киімге ауысуға байланысты облыстық және қалалық полиция жеке құрамының саптық байқауы өтті. Ведомствоның  бастығы,  полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов қызметкерлердің жазғы уақытта қызмет өткеруге дайындықтарын тексерді.

Саптық байқау барысында әріптестері алдында «пистолет & карабин» бөлігінде Б.Керімбаев атындағы «Қара майор» практикалық атудан 7-ші республикалық турнирден алтын жүлдемен оралған жылдам қимылдайтын арнайы жасақ офицерлеріне құрмет көрсетілді.

Абай облысының Семей қаласында ұйымдастырылған турнир Қазақстанның таңдаулы арнайы бөліністерінен келген 85 үздік қызметкердің басын қосты. Тірескен күресте солтүстікқазақстандықтар жалпыкомандалық 1-ші орынды және командалық дуэльді атыстан 3-ші орынды иеленді. Сонымен қатар, полиция майоры Фархат Омаров жекелей сынақта 3-ші орынды қанжығасына байлады.

Саптық байқау соңында қызметкерлер оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты маршпен өтіп, қызмет атқару орындарына аттанды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz