Облыстық прокуратурада өткен жиында жасөспірімдер қылмысы және қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Биыл өңірде оқушыны жыныстық қатынасқа тартқан бір азамат ұсталды. Жаға ұстатарлық жағдай Шал ақын ауданында тіркелген. Сондай-ақ екі жасөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
-Қазір өңір мектептерінде буллинг фактілері туралы хабарлау үшін QR-кодтар орнатылған. Сондай-ақ олар оқушылардың кітаптарында да бар. Сол арқылы қысым көрген жасөспірімдер прокуратура органдарына тікелей хабарлама қалдыра алады. Жыл басталғалы осындай 13 өтініш келіп түсті. Ал былтыр 5 факті тіркелген болатын. Тағы бір айта кететін жайт, қазір жасанды интелект көмегімен балалардың эмоционалдық жағдайы тексерілмек. Мұндай жүйе өңірдегі алты мектеп пен бір балабақшада орнатылған. Яғни, баланың көңіл күйі болмай, агрессия пайда болса, онда мектеп психологына хабар беріледі. Кейін маман онымен сөйлесіп, анықтауы тиіс, — деді облыс прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттар
Сонымен қатар, буллинг фактілері туралы жауапты органдарға хабарламаған екі мектеп директоры мен бір мұғалім әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.