ОБЛЫСТА 1,1 МЫҢ ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

Авторы: Qyzyljar News

2025 жылы облыста жол инфрақұрылымын жақсарту аясында 1,1 мың шақырым  жол жөнделеді. Атап айтқанда, 467 шақырым республикалық желі, 700  шақырым жергілікті жолдар және көше-жол желісі, соның ішінде 35 елді мекендегі 100 шақырым ішкі жолдар қамтылады. 102 жоба жүзеге асады, оның 35-і өтпелі жобалар. Бұл жұмыстар жол сапасын айтарлықтай жақсартуға, жүргізушілер мен жолаушылар үшін қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Биыл Покровка-Петропавл, Кішкенекөл-Дәуіт, Меңкесер-Раздольное және Смирнова-Қиялы бағытындағы жолдар жөнделеді. Сонымен қатар, Горьковское –Восходское-Кішкенекөл-Қаратерек ауылдары арасындағы жолдар да жөнделеді. Жолдардың 80 пайызына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілу жоспарланып отыр.

Жалпы, 1938 шақырым жол өңірлік маңызы бар деп есептеледі. Былтыр барлық маңыздағы жолдарды дұрыстауға 91,3 млрд. теңге бюджеттен бөлініпті. Оған мың шақырымнан астам жол жөнделген. 208  шақырым  республикалық жолды ретке келтіру үшін 38,7 млрд. теңге жұмсалған. 55 елді мекеннің 163 шақырымнан астамы жөндеу көріпті. Оның ішінде 64 шақырымыжақыны облыс орталығындағы көшелерге тиесілі.

-Биыл 55 елді мекендегі жолдарды жөндеу үшін 52,6 млрд. теңге бөлініп, игерілді. Автомобиль жолдарын түрлі деңгейдегі жөндеу, жаңғырту жұмыстары бойынша жол компанияларына шағымданып, соттасу фактілері болған жоқ. Жұмыстардың барлығы нормативтік талаптарға сай қабылданады», — деді  облыстық  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы   Қанат Барқытов.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz