Қарақшылық жасады деген күдікпен Моңғолия азаматы іздестіріліп жатыр

Авторы: Qyzyljar News

Тайынша ауданының жедел уәкілдері қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен Моңғолия азаматы Самат Бекишті іздестіріп жатыр. Қылмыс 2024 жылдың тамыз айында жасалған. Бейтаныс адамдар Тайынша ауданы тұрғынының үйіне баса-көктеп кіріп, үй иесін және оның 12 жастағы немересін скотчпен байлап, шамамен 640 мың теңге көлеміндегі ақша мен бағалы заттарды алып кеткен. Шабуылдаушылар кеткен соң бала өздігінен босанып шығып, жақын маңда орналасқан учаскелік полицейдің үйіне жүгіріп барып, көмек сұраған. Қылмысқа қатысы бар үш күдікті қысқа уақыт ішінде ұсталып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Іздестіріліп жатқан Самат Бекиш қазіргі уақытта өз елінде жасырынып жүруі мүмкін. Егер облыс тұрғындары оның қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білсе, Тайынша аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 8 (7153) 62-12-40, 8 (7153) 62-28-75 телефондары арқылы немесе «102» нөміріне хабарласуға болады.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz