Өрттерді ерте анықтау жүйесі қолданылады

Авторы: Qyzyljar News

Қызылжар өңірінде  14 сәуірден бастап өрт қаупі бар маусым басталады. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы оған дайындықты алдын ала бастады. Өрт ошақтарын ерте анықтауға ықпал ететін шаралардың бірі өңірдің жеті орман шаруашылығында «Орман күзетшісі» жүйесін қолдану болып табылады. Ол жағдайды қашықтықтан бақылауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, өрт және өрт ошақтарын ерте анықтау үшін 13 интерактивті бейнебақылау кешені жұмыс істейді. Олар өрт-бақылау мұнараларын табысты ауыстырады. Солтүстік Қазақстан облысы аумағында өртке қарсы іс-шараларды іске асыруды, орман өрттерінің алдын алуды және сөндіруді 12 орман шаруашылығы мекемесі жүргізеді. Олар 549,3 мың гектарды қамтиды.

2025 жылғы өрт қаупі бар кезеңде өрттер мен орман өрттерін жою үшін облыстың орман мекемелерінде 13 орман өрт сөндіру станциясы, 21 өрт сөндіру автомашинасы, 84 тіркеме құралдары бар трактор, 39 өрт сөндіру сыйымдылығы, 60 мотопомпа дайындыққа келтірілді. Уақытылы ақпараттандыру және байланыс үшін 850 бірлік радиостанция бар. Алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде. Облыстың орман шаруашылықтарымен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде жадынамалар беріледі, мектептер мен ұйымдарда дәрістер мен әңгімелесулер өткізіледі, парақшалар таратылады. Сондай-ақ, мемлекеттік орман қорының өрт қаупі неғұрлым жоғары жерлерінде жалпы ұзындығы 6,8 мың километр болатын шөпті өсімдіктерді бақылап күйдіру жоспарланып отыр.

Облыстық   табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz