Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы су қоймасы «Юртовое» көлі орналасқан жер учаскесін беру кезінде заңнаманың бұзылғанын анықтады.
2023 жылы ауданы 55 га учаске орман өсіруге арналған мақсатта пайдалануға берілген. Алайда, бұл шешім Жер кодексінің 26-бабының және «Жайылымдар туралы» заңның 14-тармағының талаптарына қайшы келеді, өйткені аумақ жеке ауланың ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жайылымдық жерге жатады. Сонымен қатар, 55 га жердің 40 га су қоймасы алып жатыр, бұл оны су қорының бөлігі етіп отыр. Жер кодексінің 135-бабының және Су кодексінің 119-бабының талаптарына сәйкес мұндай жерлерді орман өсіру үшін беру осы жағдайда болмаған су ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысы болған кезде ғана мүмкін болады.
Айқын заң бұзуға қарамастан, жер комиссиясы учаскені жеке тұлғаға жалға беру туралы оң қорытынды шығарған. Алайда, прокуратураның араласуынан кейін сот жерді беруді заңсыз деп тауып, көлі бар учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады. Оның кадастрлық құны 117 млн. теңгеден асады.
Прокурорлық қадағалау актісі мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралды. Нәтижесінде жер комиссиясының мүшелері, сондай-ақ жер қатынастары жөніндегі бөлімдердің және Мамлют ауданы әкімдігінің мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшылары қызметке толық сәйкес емес түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қоршаған ортаны қорғау және су объектілерін беру саласындағы заңнаманың сақталуын қадағалауды жалғастырып жатыр. Айта кетелік жыл басынан бері қайтырылуы тиіс 2 млн. гектар жердің 460,6 мыңы қайтарылды.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.