Екі солтүстік қазақстандық алаяқтардың арбауына түсіп қалды

Авторы: Qyzyljar News

Теріскейлік 2 тұрғын кибералаяқтардың кесірінен 5 млн. теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдағы №2 полиция бөліміне белгісіз біреулердің өз есепшотынан 2 миллион теңге алғанын айтып ер адам шағымданды. Интернет-алаяқ әдеттегідей, өзін банк қызметкерімін деп таныстырған көрінеді. Картадағы ақшаңызды бөтен біреулер аударып алмақшы деп, қауіпсіздік мақсатында телефоныңызға келген смс кодты айтуын сұраған. Жұмысынан қолы босамаған жәбірленуші керекті сандарды атаған. Ақыр соңында сан соғып қалғанын түсінді.

-Арада бірнеше күн өткеннен кейін осыған ұқсас тағы бір жағдай тіркелді. Петропавлдық әйел адам бейтаныс жандардың сансыз қоңырауынан кейін ұсынылған шотқа 3 миллионнан астам ақшасын аударып жіберген. Өзінің айтуына қарағанда, ол киберқылмыскерлердің қалай әрекет ететіні жайлы білген. Сонда да осы жолы алаяқтардың сөзіне иланып, сан соғып қалды,-дейді Петропавл қалалық №2 полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов.

Бұл ретте тәртіп сақшылары жеке деректермен құпия кодтарын, банк карталарының cvv-кодтарын, sms-хабарламамен келетін бір реттік кодты ешкімге айтуға болмайтынын тағы бір мәрте еске салады. Егер де белгісіз біреулер хабарласып, жаттанды сценариймен санаңызды улайтын болса, банк филиалына барып, мән-жайдың анық-қанығына көз жеткізу қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz